Айжұлдыз Адайбекова анасына қажылыққа жолдама сыйлады
Айжұлдыз Адайбекова анасы мен өзінің тәрбиесіне атсалысқан әпкесіне кіші қажылыққа жолдама сыйлады. Мұндай тосынсыйды күтпеген Жанар Айжанова есеңгіреп қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Анам мен әпкемді умраға жіберемін деп шештім. Әпкем мені өсіріп, бақты. Енді менің кезегім.
Біздің ата-анамыз бен жақындарымыз тек жақсыға лайық. Біз мәңгі емеспіз, сондықтан барлық адамдарға жылы сөздерді жиі айтып тұрыңыздар", – деп бөлісті Айжұлдыз.
Ол мұндай ерекше сыйды жолдан келе салып, таңғы сағат 6-да тарту еткен.
"Ұйқылы-ояу жатқан анам есеңгіреп қалды. Түсірілімнен келіп, далада ұйықтап жатыр екен", – дейді Адайбекова.

Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ