Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа да заңбұзушылықтар болған": Ішкі істер министрі Талдықорғандағы полиция бастығының зорлау ісіне қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Талдықорған полициясының басшысына қатысты істің тергеу барысын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сенат барысында ішкі істер министрі тергеу барысында күдіктінің кінәсі анықталғанын айтты.

"Кеше сол жерге ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша топ арнайы барды. Соңғы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Талдықорған полициясы бастығының кінәсі анықталды. Кешегі тексеру басқа да заң бұзушылықтар болғанын көрсетті”, – деді Қожаев.

Тергеу барысында Талдықорған қалалық ІІБ бастығының зорлау фактісі және басқа да фактілер мұқият тексеріліп, нәтижесінде ол қызметінен босатылды.

Қожаев зорлау жағдайынан кейін басқа өңірлерде де тексеріс болатынын мәлімдеді.

"Әрине, тұрақты түрде тексеріс жүргізілді және жүргізіледі де. Өкінішке қарай, кейде мұндай жағдайлар болып тұрады және бұл туралы айту өте жағымсыз, біз мұндай жағдай үшін жауапкершіліктің қандай екенін түсінеміз", – деді министр.

Еске салсақ, Талдықорған қалалық полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев қыз зорлады деп күдікке ілінгенін хабарлаған едік. Кабинетінде "Сендей әдемі қызға протокол толтыртқызбаймын" деп қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеп, тиісе бастағаны туралы жәбірленушінің адвокаты айтып берді. Ол екі айға қамауға алынды.

Талқылау