Басын жұлып кеткен: Павлодарда әскери қызметкер "КамАЗ" дөңгелегінің жарылуынан мерт болды
Павлодарда "КамАЗ" жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат жедел жәрдемге 19:17-де келіп түскен.
"1990 жылы туған ер адам "КамАЗ" көлігінің дөңгелегін үрлеп жатқан. Алайда дөңгелек жарылып, ер адам алған жарақаттарынан мерт болды", – делінген Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Анықталғандай, ер адам Павлодардағы №5512 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген.
Туыстарының айтуынша, ер адамды еңбек демалысында жүргенде көлікті жөндеу үшін шақыртып алған. Жарылыс салдарынан оның басы жұлынып кеткен. Марқұмның артында жүкті әйелі мен қызы қалды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"