Бас прокурор төбелес пен жанжал жиі шығатын мекемелерді жабу керегін айтты
Бас прокурор Берік Асылов төбелес пен жанжал жиі болатын мекемелерді жабуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Бас прокуратурада өткен үйлестіру кеңесінің отырысында Асылов ойын-сауық мекемелеріне түбегейлі шаралар қажет екенін айтты.
"Келушілер арасында туындаған жанжал туралы ақпарат бермейтіні үшін мұндай орындардың әкімшілігі жауапқа тартылуы керек. Бұл –олардың әлеуметтік жауапкершілігі. Егер мұндай мекемелерде құқық бұзушылықтар жиі орын алатын болса, оның қызметін тоқтату қажет", – деді бас прокурор.
Еске салсақ, осыған дейін бас прократура Қостанайлық әйел күйеуі пышақтап өлтірмес бұрын полицияға 49 рет хабарласқаны туралы мәлімдеме жасаған болатын.
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты
Бір көлік түрлі баға: Қытай көліктері басқа елдерде қанша тұрады
Қазақстанда қытайлық автомобиль брендтері арасында Changan, Chery, Haval, Jetour және Geely модельдері кеңінен таралған