Журналист Асхат Ниязов украиналық "Миротворец" сайтының деректер базасына енгізілді
Журналист әрі “Обожаю” YouTube-арнасының авторы Асхат Ниязов Украинаның “Миротворец” дерекқорына енгізілді. Сайт әкімшілері оны Ресейдің әрекеттерін ашық қолдады және соғысты насихаттады деп айыптап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Миротворец” сайтындағы мәліметке сәйкес, Асхат Ниязов Қазақстанға көшіп келмей тұрып Омбы қаласында тұрған және Ресей азаматы болған.

Сайт әкімшілерінің жазуынша, 2014 жылы Қырымдағы оқиғалардан кейін Ниязов “ВКонтакте” желісіндегі парақшасында “Тополь-М” зымыран кешенінің, Ресей президенті Владимир Путин мен Дмитрий Медведевтің суреттерін жариялаған.
Сонымен қатар сайтта журналистің спортшылар Сергей Бадюк және Федор Емельяненкомен бірге түскен фотолары да көрсетілген. “Миротворец” мәліметінше, аталған спортшылар Қырымның Ресейге қосылуын қолдаған.
Сайт әкімшілері Асхат Ниязовтың жұбайы Юлия Ласееваға қатысты да пікір білдірген.
“Асхат Ниязовтың жұбайы Юлия Ласеева да күйеуінің көзқарасын қолдайды. Ол ресейлік насихатшы Дмитрий Борисовпен бірге суретке түскен”, – деп жазылған сайтта.
Айта кетейік, “Миротворец” – Украинаға қарсы әрекеттерге қатысы бар деп санайтын адамдардың жеке дерегін жариялайтын мемлекеттік емес дерекқор.
Айта кетейік, бұған дейін бұл тізімге Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин де енгізілген еді.
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы