Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин украиналық "Миротворец" сайтының деректер базасына енгізілді

GGG Миротворец дұрыс
Фото: instagram.com/gggboxing

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы, World Boxing президенті Геннадий Головкин украиналық "Миротворец" сайтындағы деректер базасынан енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Геннадий Головкин туралы жазба сайтта 15 тамыз, сенбі күні пайда болды. Оны деректер базасына енгізуге World Boxing федерациясының ресейлік спортшыларға қойылған шектеулерді алып тастауы себеп болған. Енді Ресей боксшылары халықаралық турнирлерге ұлттық рәміздерімен қатыса алады.

Сайтта World Boxing ресейлік спортшыларға қойылған барлық шектеуді алып тасталғаны туралы жазылған. Енді ресейлік боксшылар жас шектеуінсіз халықаралық турнирлерге өз елінің ұлттық рәміздерімен қатыса алады. Сонымен қатар 2028 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі World Boxing ұйымының қамқорлығымен өтеді.

"Атқарушы комитет ресейлік спортшылардың енді World Boxing жарыстарына кез келген басқа ұлттық федерацияның боксшыларымен тең дәрежеде қатысатынын мойындады. Алайда World Boxing жарыстар кезінде Ресей делегацияларының тәртібін және допингке қарсы ережелердің сақталуын қатаң бақылауда ұстайды", – делінген World Boxing мәлімдемесінде.
GGG Миротворец
Фото: myrotvorets.center

Наурыз айында World Boxing атқарушы кеңесі Ресей бокс федерациясының ұйымға кіру туралы өтінішін мақұлдаған. Осыған ұқсас шешім Беларусь бокс федерациясына қатысты да қабылданды.

Кейін World Boxing ресейлік және беларусьтік спортшылардың өз жарыстарына қатысу шарттарына қатысты Халықаралық Олимпиада комитетінен (ХОК) түсініктеме сұрады.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 17 Тамыз, 2026 14:41