Соңғы жаңалықтар

Бас мүфти барша қазақстандықтарды арапа күні бесін намазда бір мезетте дұға етуге шақырды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін ғұламалары мен қариларды, мұсылман қауымын бірлесіп дұға етуге шақырды. Бас мүфти арапа күні бесін намаз уақытында бір мезетте Алладан дұға етуді сұрайды. 

Арапа күнінің қасиеті мен сауабы жайлы біршама дін ғалымдары айтып кеткен. Бұл күннің қайыры туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) атап өткен.

«Арапа күні ораза тұтушыға Адам пайғамбардан Қиямет сырнайы үрленгенге дейін өмір сүрген бүкіл адамдар санының екі есесіндей сауап жазылады» деген. Өткен жылғы және келер жылғы күнәлар кешірілетінін де ескерткен. Бұл күні мұмылмандар ауыз бекітіп, ораза ұстайды. Күнді құлшылықпен өткізсе, таудай сауап алады. 



Әзірет Әлидің «Алла тағала дәл арапа күніндегідей еш уақытта көп адамды тозақ отынан азат етпейді», деген хадисі бар. 

Көптің тілеуі қабыл болады дейді қазақ. Осы ретте Бас мүфти еліміздің тыныштығы мен халық амандығы үшін бірлесіп дұға етуді сұрайды. Бүгін, яғни 30 шілде күні бесін намазы уақытында бір мезетте көп болып Алладан дұға жасауға асығайық. 

Айта кетейік, бесін намазының уақыты Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13-26-ға сәйкес келеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр