Бас мемлекеттік санитар дәрігер: "Сайлауға барарда маска тағыңыз"
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағанбетова сайлауға баратындардан маска тағуды өтінді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik-тің ақпаратына сүйеніп.

Оның сөзінше, қазір елде коронавирусқа қатысты жағдай бірқалыпты, барлық өңір “жасыл” аймақта. Қазақстанда күніне 70 адамнан коронавирус анықталып жатыр.
Бірақ бұл босаңсуға болады деген сөз емес. Есмағанбетова есесіне тұмау мен ЖРВИ жұқтырғандар көбейген дейді.
Бас мемлекеттік санитар дәрігер сайлау учаскелерінде вирус тарамауына бар жағдай жасалатынын да айтты.
“Сайлау комиссиясы мүшелері үш сағат сайын маскасын ауыстырып отырады әрі учаскеде адам толып кетпегенін қадағалайды”, – дейді ол.
Қазақстан президентін сайлау 20 қарашада өтеді. Оған алты кандидат түсіп отыр. Олардың халыққа қандай уәде бергенін мына жерден оқыңыз.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған