Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас ауруы мен мұрын бітелу: Дәрігерлер коронавирустың жаңа нұсқасы жайлы айтып берді

Дәрігерлер адамдарға өте мұқият болуға кеңес береді. Ұлыбританияда кеңінен таралған коронавирустың жаңа нұсқасы бұған дейін айтылмаған басқа белгілермен толықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп.

Коронавирустың белгілерінің тізімі, соның ішінде:

  • жөтел

  • жоғары температура

  • иіс немесе дәм жоғалу еді.

Осыған қоса тағы да мынадай белгілер пайда болған:

  • бас ауруы
  • тамақ ауруы
  • мұрын біту

Айта кету керек, бұл жаңа белгілердің барлығын коронавирусқа тән басқа белгілермен бірге қарастырған жөн.

Жоғарыда көрсетілген белгілер зерттеушілердің пікірінше, ”Дельта” деп аталатын жаңа коронавирустың жаңа нұсқасына қатысты.

Zoe Covid Symptom study зерттеуінің авторы, профессор Тим Спектор атап өткендей, Дельта вирусын жұқтырған жастарға олар қатты тұмауратын қалғандай көрінуі мүмкін.



Сонымен қатар пациенттердің өздері ерекше әсерін сезінбесе де, вирус өте жұқпалы болуы мүмкін және басқа адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан сарапшылар жоғарыда аталған белгілері пайда болған барлық адамға коронавирусқа талдау жасауға кеңес береді.

Зерттеушінің мәліметінше, өз симптомдарын мобильді құрылғы арқылы тіркеп жатқан мыңдаған адамдың ақпаратын саралай келе, кәдімгі коронавирусқа тән белгілер барған сайын сирек кездесетін болған.

"Біз мамыр айының басынан бастап мобильді қосымшалардағы ең көп кездесетін белгілерді бақылап отырамыз және олар бұрынғыдан өзгеше", – деді профессор.

Ол мұндай өзгерістерді Үндістанда тіркелген Дельта нұсқасын жұқтырғандар санының өсуімен байланыстырады, қазір бұл вирус Ұлыбританиядағы барлық жағдайлардың 90%-ын құрайды.

Егер аурудың белгісі ретінде жоғары температура болса, онда иіс сезу қабілетін жоғалту вирусқа тән симптомдар тізіміне кірмейді.

"Жаңа штамм басқаша әсер етеді. Адамдарға жай ғана маусымдық аллергиясы қозғандай, пайда болғандай көрінуі мүмкін. Сондықтан олар достары, жақындарымен қарым-қатынастарын жалғастыра бермек. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл үлкен проблема тудырып тұр", – дейді профессор.

Айтуынша, егер жас адам ауруға шалдықса, симтомдары әлсіз көрініс береді, жай ғана тұмау немесе әлсіздік сияқты сезім пайда болады.

"Соның өзінде, өтініш, үйден шықпай, коронавирусқа тестке тапсырыс беріңіз", – дейді ол.

Профессор Спектор жүргізген зерттеу осы бағыттағы жалғыз жұмыс емес. Лондон имперлық колледжі жүргізген React study зерттеуі "британдық" штамм таралып жүрген кезде миллионнан астам Англия тұрғынын қамтыған. Бұл зерттеуде коронавирусқа байланысты көптеген қосымша белгілер анықталды.

Ковидтың осы уақытқа дейін белгілі симтомдарыннан басқа қалтырау, тәбеттің жоғалуы және бұлшықет ауыруы аталды.

Сонымен қатар, ресми зерттеулерде ковидтің маңызды белгілері ретінде:

  • тұрақты жөтел
  • жоғары температура
  • дәмнің және/немесе иістің жоғалуы немесе өзгеруі

"Covid-19-ға байланысты басқа да белгілер бар. Бірақ бұл симптомдардың себебі басқа ауру болуы мүмкін және олар тест тапсыруға себеп емес. Егер сізде осындай симтомдар анықталса, дәрігердәі кәсіби көмегіне жүгініңіз", – делінген Британдық Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

 

Талқылау