Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда халық үстіне нәжіс жағып, коронавирус "Құдайына" табынып жатыр

Коронавирус індетінің асқынуы кезінде Үндістан тұрғындары "коронавирус Құдайына" табынуды бастады. YouTube-те AFP агенттігі дұға ету рәсімі туралы видео жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елдің оңтүстігінде бір жарым миллион адамнан тұратын Коимбатор қаласында ғибадатхана салынды, онда олар коронавирус  "Деви Тәжі" аталатын құдайына табынады. Күн сайын қасиетті саналған орында шіркеу қызметкерлері пандемияны жеңілдетуді сұрап, дұға етеді, құлшылық жасайды.

Ғибадатхана басшылығы индуизмде әр Құдайдың өзіндік "кәсібі" бар екенін айтады.

"Коронавирус аурудың таралуына әкелетіндіктен, біз вирусқа Құдай ретінде табынамыз және күн сайын ауруды жеңілдетуін, таралуды тоқтатуын сұраймыз", - дейді ғибадатхананың басқарушысы.

Еске салсақ, Үндістанда коронавирус індетінен көп адам қырылды.  Жаңа үнді штаммының себебінен елде ақпан айының ортасынан бастап Covid -19-дан зардап шеккендер саны өсуде. Үндістан ковидтен қайтыс болғандар саны бойынша әлемде үшінші орынға шықты, 300 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, Үндістанда коронавирустан құтқарылғысы келгендер үстілеріне малдың нәжісін үстілеріне жағуда. Олардың пікірінше, мұндай "жақпа" оларды COVID-19-дан қорғайды.

 

Талқылау