Барлық облыста жаңбыр: Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Қазгидромет еліміз бойынша 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сай Қазақстанның көп бөлігінде жаңбырлы ауа райы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pexels.com
Синоптиктер алдағы күндері оңтүстік циклонның әсерінен барлық дерлік облыстарда қарқынды жаңбыр жауатынын алға тартты. Одан бөлек, найзағай болып, бұршақ та жауады.
Сәйкесінше, жаңбыр әсерінен күндізгі уақытта ауа температурасының төмендеуі байқалады. Ауа температурасы солтүстік және орталық аймақтарда 10-18 градус, шығыс және оңтүстік аймақтарда 15-23 градус, ал батыс аймақтарда 15-23 градус болады.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр