БҚО-да алаяқ зейнеткерге "барлық ауруды емдейтін" көрпені 300 мың теңгеге сатқан
БҚО тұрғыны зейнеткерді алдап, “барлық ауруды емдейді” деп 300 мың теңгеге “ғажайып көрпе” сатқан. Кейін алданғанын ұққан қарт полицияға жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Орал қаласының тұрғыны 300 мың теңгеге өзінің барлық сырқатын емдеп жазатын “ғажайып көрпе” сатып алған. Тіпті қаражаты жетпегесін 140 мың теңгені қолма-қол берген және алтын зергерлік бұйымдарын да табыстаған.
Алайда кейін мұның шикілігін сезген тұрғын күдіктеніп, полицияға жүгінген.
Полицейлер алаяқты ізін суытпай ұстады.
“Кезекшілікте болған полицейлер алаяқты Ақтөбе облысының аумағынан ұстады. Жәбірленушінің ақша мен алтын әшекейлері қайтарылды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген хабарламада.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"