"Барлық адам тең": Димаш Құдайберген нәсілшілдік туралы сөз қозғады
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген әлем халқын "нәсілшілдік жоқ" деп айтуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Жаман ұлттар жоқ, жаман нәсілдер де жоқ. Жаман адамдар барлық жерде бар. Әлемде нәсілшілдік жоқ деп айтайық! Барлық адам тең. Ерте ме, кеш пе бәріміз Құдайдың алдында боламыз. Менің афроамерикандық достарым бар, олармен жақсы қарым-қатынастамын, олар өте талантты және өте жақсы. Бүкіл әлемде тыныштық болсын! Бұл әлемде біз бәріміз қонақпыз! Нәсілшілдікке жол жоқ !!!", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, АҚШ-та қара нәсілді америкалық Джордж Флойдтың полиция тұншықтырғаннан кейін қаза тапқаннан соң наразылық басталды.
Кейіннен ақ нәсілді америкалықтар тізерлеп тұрып жылдар бойы танытқан нәсілшілдік үшін кешірім сұрады.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі