Ақ нәсілді америкалықтар тізерлеп тұрып кешірім сұрады
АҚШ-тың Хьюстон қаласының тұрғындары 31 мамыр күні жиналып қара нәсілді марқұм азамат Джордж Флойдтың рухына дұға бағыштады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дұға жасау барысында ақ нәсілді америкалықтар тізерлеп тұрып жылдар бойы танытқан нәсілшілдік үшін кешірім сұрады. Бұған жауап ретінде қара нәсілді азаматтар да олардың кешірімін тізерлеген күйде қабыл алып, дұға етулерін жалғастырды.
Айта кетерлік жайт, бүгінгі күні АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полицейлердің қатыгездігінен Джордж Флойд қаза тапқаннан кейін мемлекеттің аумағындағы толқулар басылар емес. Полиция қызметкерлеріне қарсы шерулер Лос-Анджелесте, Сан-Францискода, Денверде, Нью-Йоркте, Индианаполисте, Бостондп, Детройтта өтіп жатыр. АҚШ үкіметі өз кезегінде кез келген полицейлерге жасалған шабуыл немесе басқа да дөрекелік ішкі терроризм ретінде есептелетінін мәлімдепті.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді