"Барыс" хоккей клубы қатарынан 12 рет жеңілді
Астаналық “Барыс” хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында Владивостоктың “Адмирал” командасынан жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елордалық команда өз алаңызда буллиттер сериясында ұтылды. Есеп 2:3. Бұл “Барыстың” маусымдағы қатарынан 12-ші жеңілісі.
Соңғы рет команда мәскеулік “Динамоға” қарсы өткен ойында қонақта жеңіске жеткен еді. Желтоқсан ортасынан бері отандастарымыз бірде-бір ойында жеңіске жете алмай келеді.
49 ойыннан кейін небәрі 26 ұпай жинаған астаналық команда Құрлықтық хоккей лигасының “Шығыс” конференциясында соңғы 12-ші орында келеді.

