Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрінің тозығы жетіп тұр": Сарапшылар Қазақстанның энергетикалық тапшылыққа тірелу қаупін ескертті

"Қазақ электр энергетикасы" қауымдастығының төрағасы Талғат Темірханов таяу болашақта еліміз энергетикалық тапшылыққа тірелуі мүмкін деп болжайды. Оның айтуынша, станциялардың тозуы салдарынан сөзсіз туындайтын энергетикалық дағдарыс орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Темірханова алдағы уақытта тозығы жеткен жылу желілерін жаңартпасақ, жағдай ушыға түсетінін айтады.

"Тәжірибе көрсеткендей, жылдан жылға шағын жазатайым оқиғалардың саны артып келеді. Бұл біздің әлі де апатты жағдайда  жұмыс істеп жатқанымызды көрсетеді. Тозу өте жоғары. Ал алдағы 5-10 жылда желілердің, жылу желілерінің тозуы мәселелерімен айналыспасақ, апаттар көбейіп, тіпті қалалар үшін, моноқалалар үшін айтарлықтай қиындықтар туындауы мүмкін", –  дейді Талғат Темірханов.



Оның айтуынша, бүгінде елімізде 60-тан астам электр станциясы болса, оның 90 пайызының тозығы жеткен.

Темірхановтың сөзін Петропавл 2-ЖЭО-да 20 наурызда үш құбырдың бірі құлап, астында 37 жастағы әйелдің мәйіті табылған  апат анық дәлелдейді. Белгілі болғандай, аталған оқиғадан кейін Степногорск ЖЭО-да екі апат орын алғанын да ескерген жөн.

Талқылау