Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрімен қоштастым": Мәдина Сәдуақасова күтпеген жерден шешім қабылдады

Мәдина Сәдуақасова бірнеше жыл бірге жұмыс істеп келген командасымен қоштасты. Әнші қол астындағы барлық қызметкерлерін босатып, жаңа жобаларды қолға алды.

Әнші жолдасымен ажырасып кетті деген ақпарат желіде тарап кеткен еді. Мәдина ханым жеке өміріне, отбасына қатысты, жолдасымен ара қатынасы туралы ашып айтқан жоқ. Желіде жаңа әндер шығарып, стилін өзгертті. Мүлде басқа образда ел алдына шығып жүр. Жақында ұлымен, сіңлісімен бірге Дубайда демалып келді. Көңіл-күйіне ерік берген әнші сезімге толы жазбалар жариялады. Желідегі оқырманы бұл оның жеке өміріндегі өзгерістерге байланысты деп болжады. Енді Сәдуақасова жеке командасымен қоштасып, шығармашылығын да түбегейлі өзгерткісі келетінін айтты.

"Барлықтарыңызға қайырлы күн! Орыстар айтпақшы "Дүйсенбі ауыр күн" деп бүгінгі күн мен үшін де қиындау болып тұр. Өйткені менің командамдағы, ұжымымдағы осы уақытқа дейін жұмыс жасап келген барлық адамдармен қоштасатын күн.



Әрқайсысы адал, таза, еңбекқор жан, кәсіби маман, бірақ "Әр нәрсенің өз уақыты бар ”демекші, біздің де бір-бірімізден алатынымыз да, беретініміз де таусылатын кез де келіп қалған сияқты! Адал еңбектеріңіз үшін көптен көп рахмет, мың алғыс, барлықтарыңызды ерекше жақсы көремін, сағынамын. ", - деп жазды әнші парақшасында.

Сәдуақасова бірге жұмыс істеп келген ұжыммен қоштасып, шығармашылығына өзгеріс енгізбекші. 

"Бәрін босатамын. Команда кетеді. Бұл ең үздік ұжым болды", - деді әнші. 

"Неге? Жаңа командамен, жаңа бағыттағы жұмыстарыңызды күтейік пе?", "Әр нәрсенің хайыры бар", "Мадина көңіліңді ешқашан түсірме Алла қуанышыңды еселесін, денің сау жақындарың аман болсын", "Өміріңіздегі өзгеріске байланысты ма мұның бәрі?", - деді желідегілер.

Талқылау