Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова: Мына заманда махаббатқа сенуге бола ма өзі

Мәдина Сәдуақасова желіде жазба жариялап, оқырмандарына сауал қойды. Көкейінде жүрген мәселені айтып, көптің ойын білмек болды. Желі қолданушылары әншінің көңіл-күйін әртүрлі болжады.

“Мен сені сүйем...” дегенді қашан соңғы рет айтты Сізге?.. Махаббатқа сенуге бола ма өзі мына заманда? Әлде ол тек кітап пен кинода ғана ма?... Әлде бейнебаянда?", - деп- жазды Сәдуақасова.

Мәдина ханым соңғы уақытта көптің назарында. Оның жеке өміріне алаңдаған оқырмандары түрлі сұрақ қойып жатыр. Сәдуақасова жеке өміріне, жолдасына қатысты сұрақтарға жауап беруден қашқақтап жүр. Есесіне желідегі парақшасында сезімге толы сырлы жазбалар жариялайды. 

Әр жазасынан әншінің көңіл-күйін аңғаруға болады. Желі қолданушылары бұл жолы да оның жолдасымен қарым-қатынасы жайлы сұрап жатыр. 



"Махаббат барға бар, жоққа жоқ", "Бес жыл бұрын айтқан", "Сол сөзге лайықты болса әйел адам, күнде еститін болады. Әлі талай еститін боласыз, Мадина", "Мəдина жаным-ау, неге махаббат жоқ дейсің. Шын сүйіп қосылғандар өмір бойы махаббатпен өмір сүреді. Сендердің жастарыңда махаббаттың жалындап тұрған шағы емес пе? Махаббаттан көңілің қалды ма?", "Жолдасыңызбен қосылмадыңыз ба?", "Араларыңыз суып кеткен бе?", - деп жазды олар. 

Талқылау