"Бәрі ұл деп жүрген": Мейрамбек Бесбаевтың жары құттықтап жатқан халыққа алғыс білдірді
Үшінші рет әке атанған әнші Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат құттықтап жатқан көпшілікке алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің Кәусар есімді қызы мен Әбухайыр есімді ұлы бар еді.
“Ал, сүйінші менің құрметті оқырмандарым! Мен аман-есен босандым. Аллаға шүкір. Кім босанды деп ойлайсыздар?" – деп жазған еді Мархабат.
Көп ұзамай әнші Заттыбек Көпбосынұлы құпияны жариялап қойды.
“Қызымыздың бауы берік болсын! Әбухайыр енді аға болды”, – деп жазды өнер иесі.
Одан кейін Мархабат Бесбаева өмірге келген сәбидің қыз екенін хабарлады.
"Бәрі ұл деп жүрген. Көптен күткен қызымыз дүниеге келді", – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, сүйінші жаңалықты әнші Сәкен Майғазиев жариялаған еді.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті