"Бәрі сенің тойыңнан кейін махаббатын тапты": Мақпал Исабекова Луинаға алғысын айтты
Мақпал Исабекова Луинаға алғысын айтты. Әнші әріптесінің тойынан кейін махаббатын кездестіріп, қалыңдық атанғанын айтады.
Әнші өзінің шексіз бақытты екенін айтып, ол үшін Луинаға алғысын білдірді.
"Луина екі жыл бұрын қыз жолдас бол дегенде тұрмысқа шықпаған қыздарға жол ашып бергісі келетінін айтқан еді. Қазақпыз ғой, ырымшыл халықпыз.
Жәния Джуринская жарты жылдан соң махаббатын кездестіріп, тұрмысқа шықты.
Мен сүйіктімді жолықтырып, қалыңдық атандым. Алла қаласа, жақында тұрмысқа шығам.
Сая Оразғалиева қалыңдықтың гүлін қағып алып, бірнеше күннен кейін қалыңдық атанды.
Жүрегім тыныш. Әрбір әйел бақытқа лайық. Әйел ең керемет махаббатқа бөлену керек.
- "Өнер адамы емес": Мақпал Исабекова күйеу жігіті туралы айтты
- Мақпал Исабекова: Анам өзінің ұйғыр екенін елге айтпақ-ақ қой деп өтінген еді
Әрқайсыларыңыздың жүрегіңізде тыныштық орнасын. Ер азаматтар, бізді әр күні бақытты еткендеріңіз үшін алғыс", - деп жазды Мақпал Исабекова.
"Бақытың баянды болсын, алтыным", - деп жазды Алтынай Жорабаева.
"Бақыттарың баянды болсын", - деп жазды Асхат Садырбай.
"Барған жерде бақытты болыңыз", "Бақытты жар, бақытты ана бол, сұлу", деп жазды желідегі оқырмандары.
Айта кетейік, Исабековаға сүйіктісі ұсыныс білдірді. Қалыңдық атанған әнші үлкен тойдың ауылы алыс емес дейді.