Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалыңдық атандым: Мақпал Исабекова жақында тұрмысқа шығатынын айтты

Мақпал Исабекова жақында қалыңдық атанды. 30-дан асқан әнші бойдақтар тізімінен кетпек. Ақжолтай жаңалықты әншінің өзі хабарлады. 

Мақпал Исабекова жақында тұрмысқа шығады. Жаңалықты әншінің өзі жария етті. 

"Мен оны сүйем. Өзім де сүйіктімін. Мен бақыттымын. Бүгін сүйіктімнің қалыңдығы атандым", - деп жазды Мақпал Исабекова парақшасында.

Әншіні желідегі оқырмандары мен әріптестері, өнер өкілдері құттықтасып жатыр.

Әнші көпшілікке алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

"Құттықтаймын Мақпал! Бақытты бол!", - деп жазды тележүргізуші Асхат Садырбай.

"Сен үшін өте қуаныштымын, қызым. Сен ең жақсы жігітке лайықсың. Мұның бәрі рухани өсу. Бар жүрегіңмен жақсы көр де бақытты бол, жаным", - деп жазды Алуа Қонарова.

"Сен үшін өте қуаныштымын, қымбаттым. Ең бақытты адам бол. Сен соған лайықсың", - деп жазды Маржан Арапбаева. 

"Сізді құттықтаймын. Бақытты болыңыз!", "Қуанышты күн екен, қалыңдық атануыңызбен", "Енді жақсы келін, жақсы ана болыңыз", "Қыз мұраты - кету. Жақсы жаңалық екен", "Бақытты болыңыздар, "Үлгілі отбасы болыңыздар", "Шын жүрегіммен құттықтаймын", - деп жазды желі қолданушылары. 


Мақпал Исабекова: Анам өзінің ұйғыр екенін елге айтпақ-ақ қой деп өтінген еді

Талқылау