Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балконға жүгірдім": Айдана Меденова анасы қайтыс болғанда өзіне қол салғысы келгенін ашық айтты

"Тоғызыншы қабаттың балконына жүгірдім!" Айдана Меденова анасынан айырылған кезде терең күйзеліске түскенін айтады. Небәрі 15 жаста болған Айдана сол сәтте өмірмен қоштасуды ойлаған. Абырой болғанда, есін тез жиып, бұл райынан бас тартқан. Ал осыдан жарты жылдай бұрын әкесінен айырылған Айдана қиын кезеңдерді қалай өткергенін әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Айнұр Ілиясованың "MOM'sкий әңгіме" подкастына сілтеме жасап. 

Айдана отбасында үш ағайындының кенжесі. Өзінен үлкен әпкесі мен ағасы бар. "Анам қаза болғанда, ең ауыр соққы маған тиді", - деп ағынан жарылды әнші. Десе де, Меденова өзін, әкесін ойлап, есін тез жиғанын, ерте есейгенін айтады. 

"Үлкен кісілерге, әсіресе ер кісілерге өзінің жартысын жоғалтып алу өте ауыр болады екен. Біз оған түсіністікпен қарадық. Барлығымыз бағыт-бағдарымызды жоғалтып алдық. Біз де, әкеміз де не істерін білмей қалды. Біз оған қарап, керісінше оған көмек бергіміз келді. Ол сәтте үйдің ең кенжесіне, яғни маған өте қиын болды. Әпкемнің өз жанұясы болды, ағам есейіп үлгерген. 

Әкеміз екінші рет үйленді. Менің тағы бір інім пайда болды. Ол кезеңге қайта оралғым келмейді. Көп сөз, көп ойлар келеді. Бірақ әр адамның өмірінде өз қиыншылықтары болады.

15 жасымда анам кеткенде бір секундқа сондай ойлар болды. Өйткені өзімді анамсыз елестете алмайтынмын. Соны естігенде 9-қабаттың балконына жүгіргенмін. Жанымда ағам болды. Ағамның да қандай күйге түскенін көрдім. Соның барлығы басымда қалып қалған. Бірақ менің мінезім керісінше қатты болып шықты. Сол 1 минут әлсіздікке басымдық бердім де, бірден өзімді жинап алдым. Қазір де кез-келген жағдайда өзімді тез жинап аламын. 



Сол 15 жасымда: "Ертең өмірім өзім қалағандай болу үшін не істеуім керек?" деген сауалды өзіме қойдым", - дейді Айдана Меденова.

Анасынан ерте айырылған Айдананың әкесі де осыдан жарты жыл бұрын өмірден озды. Ұзақ уақыт ауырған әкесінің жанында болған Меденова сол аралықта шығармашылығын тоқтатып қойғанын айтып өтті. 

"Күйзелістен шығуыма күйеуім көмектесті. Көп нәрселерді бірге өткердік. Әкем жарты жылдай ауырды. Сол кезде барлық жерде "пауза" алдым", - дейді Айдана Меденова. 

Талқылау