"Ұялатынмын": Ләйлә Сұлтанқызы нан мен шемішке сатқан күндерін еске алды
Ләйлә Сұлтанқызы көрерменге қайта жол тартқан жаңа "Түнгі студия" бағдарламасының алғашқы қонағы болды. Нұрлан Қоянбаевқа сұхбат берген ол жас кезінде базарда нан, аулада шемішке сатқан күндерін еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"90-жылдары қайта құру болды. Сонда анам ыстық күнде газға нан пісіретін, күніне 200 данадай. Соны дорбаға салып, базарға апарып, 50 теңгеден сататынбыз. Далада шемішке саттық", – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Сұлтанқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті болып жүріп те саудаға араласқанын айтады. Ләйлә Сұлтанқызы әжесі ол оқитын ЖОО-ның алдына шемішкесін арқалап келгенде ұялған күндері туралы айтты.
"Сонда марқұм әжеме: "Мен жүретін жерде сатпаңызшы. Ұят қой. Курстастарым, сыныптастарым көріп қалады, мазақтайды", – дейтінмін. Қазір соны ойласам, тіпті ұят. Балалықпен болған нәрсе. Бірақ сол қиындықтардан кейін қазір жастарға қараймын да риза боламын. Сіздерде қандай мүмкіндіктер бар", – дейді тележүргізуші.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған