Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сынып кетуіңіз мүмкін": Азамат Сатыбалды актер болғысы келетін жастарға ақылын айтты

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды актер болғысы келетін жастарға ағалық ақылын айтты. Ол актерлік жолдың оңай емес екенін, оған тек шын мықтылардың шыдай алатынын түсіндірді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Актер боламын деген жас достарыма айтар ағалық ақылым. Актердің өмірі бітпейтін кастингтерден тұрады. Себебі ол тәуелді мамандық. Академияға түсу-кастинг. Театрға кіру- кастинг. Театрда рөл алу - кастинг. Киноға түсу-кастинг. Бір режиссерға көзіңіз ұнамайды, ал біреуіне өзіңіз ұнамайсыз.

Бір рөлге түріңіз келсе, бойыңыз келмейді, бойыңыз келсе ойыңыз келмейді. Бір бітпейтін сын. Сіз мұндай сынаққа дайынсыз ба? Алдымен соны шешіп алыңыз. Дайын болсаңыз келіңіз. Әйтпесе сынып кетуіңіз бек мүмкін. Оңай шаруа емес.

Мұндай сынға актерлікті шын сүйген адам ғана шыдайды. Қазір өнер әлемінде жүрген әріптестерімді, кәсібін ессіз сүйген хас шеберлер дер едім. Театр мен кинода жүрген актерлардың алдында басымды иемін. Мен сендермен мақтанамын алтындарым. Біз біргеміз.
Алла жар болсын", - деп жазды Сатыбалды Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Сатыбалды актер болғысы келетін жастарға сәбіз жеуге кеңес берген еді.

Талқылау