Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта полиция қызметкері жеткіншекті зорлады деп күдіктелуде

Балқаш қаласында полиция қызметкері жеткіншекті зорлады деп күдіктеліп отыр. "НеМолчиkz" қорында бұл оқиғаға қатысты іс әлі күнге дейін қозғалмағанын айтады. Қор Қарағанды облысының полиция бастығынан істі жеке бақылауға алуды сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полиция

"НеМолчиkz" қорында полиция қызметкері 14 жастағы қыздың анасына барып, саяжайларында есірткі өсіп жатқандығын айтқан. Ол анасынан сол жақта тұратын ұл балалар туралы сұрастыратынын айтып саяжайда жүрген қызының нөмірін сұраған.

Полиция қызметкері жасөспірімге анаша жайлы ақпараты бар екенін айтқан, оның саяжайда шегетін білетінін жеткізген. Ол жеткіншекке әкесін бұл үшін 10 жылға қамап тастауы мүмкін екенін айтып, кейбір құжаттарға қол қою үшін кездесуді талап еткен.


"Үш жігіт аузыма дизель құйып үш күн бойы зорлады": 30 жастағы әйел зорлықтан қалай қашып құтылғанын айтты 


"Анасы бұл уақытта саяжайда болды, әкесі іссапарда, апа-қарындастары да үйде болмаған, ол бұл сәтті пайдаланған. Мәселесін шешемін деп уәде беріп, бірақ тек анаң ме әкеңе айтпа деген.

Қыз үйге келе жатқандығын пайдаланып, оның мекен-жайын айтуын талап еткен, ал қыз болса оны жазып жіберген екен.

Үйде полиция қызметкері қызға анаша шеккенін мойындайтын хат жазғызған. Ол осы "көмегі" үшін жыныстық қатынасқа түсуді талап еткен", - делінген хабарламада.

"НеМолчиkz"  қорында хат-хабарламалар, дауыстық хабарламалар, подъездегі видеолар сақталған. Олардың айтуынша, полиция қызметкерлері өз қызметкеріне қарсы қылмыстық іс қозғап, құжаттарын Қарағанды ​​облысының ДП Ішкі қауіпсіздік басқармасына жібере алмайтындықтарын айтып, іс қозғаудан бас тартады.

Экспертизалар да, киім-кешек пен заттай дәлелдемелер алынбаған. Ал полиция қызметкері 13 шілдеде жұмыстан шығарылған.

13 шілдеде полиция қызметкері қыздың анасына келіп, тізерлеп отырып кешірім сұраған. Бір жылда бері қызына ғашық екенін, отбасындағы жалғыз асыраушы екендігін айтқан.

"Істі ары-бері созып жатыр.  Мұндай үшін жаза екі есе ауыр болуы керек, өйткені бұл жағдай бүкіл полицияға кір келтіреді", - делінген хабарламада.

Қор Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің басшысына осы қылмыстық істі жеке бақылауға алып, қызметтік жағдайын пайдаланып ауыр қылмыс жасаған педофилияға қатысты күдіктіні жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен жүгінді.

Қарағанды облысы ПД-да аталған іске қатысты пікір беруден бас тартты. Баспасөз хатшысы іске толықтай ІІМ жауап беретінін хабарлады.

 

Талқылау