Баласын үшінші қабаттан құлатып алған риддерлік әйелге айыппұл салынды
Екі жасар ұлын үшінші қабаттағы пәтердің балконынан құлатып алған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 27 қаңтарда болды. Әйел мас күйінде болған деп болжануда.
"ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішпен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға беріледі", – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы.
Бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, бала ауыр жарақат алмаған, өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.
Анасы – 2003 жылы туған Риддер тұрғыны.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін анасы үйден балкон арқылы шықпақ болып, баласын қолынан түсіріп алғаны хабарланды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр