Риддерде әйел 2 жасар баласын 3-қабаттан құлатып алды
Шығыс Қазақстан облысында үшінші қабаттың балконынан түспек болған әйел екі жасар баласын құлатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бала түрлі жарақаттар алған. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр, жағдайы ауыр. Оқыс жағдай Риддер қаласында 27 қаңтарда болған.
"Мас қала тұрғыны жабық пәтерден балкон арқылы шығып кетпек болған, ал баласын қолына ұстаған. Алайда бала үшінші қабаттан құлап кетті", – делінген хабарламада.
Зардап шегушіні аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған