Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цой: Балалар Ashyq жүйесіне тіркелмейді, оларға вакцинация паспорты берілмейді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларға вакцина паспорты берілмейтінін айтты. Олардың екпе алғаны туралы арнайы екпе кітапшасында  тіркелетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Қазақстанға Pfizer-дің 645 мың дозасы жеткізілген және алдағы уақытта тағы да әкелінбек. Министрдің айтуы бойынша, елімізде 35 мыңға жуық азамат америкалық екпені салдырған. Оның 26 мыңы 12 жастан асқан балалар болса, 9 мыңы жүкті және бала емізетін әйелдер. Дегенмен Цой бұл көрсеткіштің аз екенін жеткізді.

“Вакцина салдырған балалардың ата-аналары вакцина паспортының берілмейтініне алаңдауы орынды. Алайда біз Pfizer салдырғандардың бәрін арнайы екпе кітапшасына тіркейтін боламыз. Әр баланың жеке кітапшасы болады. Мысалы туылғаннан бері алынған екпелер жазылған  тізіміге вакцина салдырғандығы да тіркелетін болады” – дейді ҚР-ның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Министр сонымен қатар “Ashyq” қосымшасына екпені алса да, алмаса да балалардың тіркелмейтінін айтты. Қосымшада болмағандықтан кез келген бала ойын-сауық орталықтарына еркін кіре алады. 

Мерекелік шаралар бойынша нақты бір тыйымдар жоқ. Алдағы жаңа жылдық жиындарда әр аймақтың эпидемиялық ахуалға жауапты санитарлық дәрігерлері жергілікті жағдайға қарай шешімдер шығарады. 

Жаңа жылдық шараларға байланысты Цой үкімет үйінде мәлімдеме жасаған еді.

 

Талқылау