Елімізде балаларға вакцина салына ма?
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинаны балаларға салуға бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“QazVac балалар арасында клиникалық сынамадан өткен жоқ. Заң бойынша оларға сынқа жүргізуге тыйым салынған. Басқа вакциналарға қатысты клиникалық зерттеулерді күтудеміз. Екпені дайындағандар балаларға вакцинаны егуге болатыны жайлы ақпарат жіберген соң, біз де мұны өз елімізде қарастырамыз”, – деді Цой.
Еске салсақ, бұған дейін елімізде бірқатар нысандардың жұмыскерлері міндетті вакцинациядан өтуі керек екені айтылған еді.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын