Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларды қорғау күніне орай 800-ден астам бала әлеуметтік бастамаларға қатысты

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында қазақстандық автокөлік компаниясы Allur “Ortaq Jol” деген жалпы атаумен балаларды қолдауға және жолдардағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамытуға бағытталған бірқатар әлеуметтік және қайырымдылық іс-шараларды жүзеге асырды. Бастама Астана, Алматы, Қостанай қалалары мен Ақмола облысын қамтып, оған 800-ден астам бала қатысты.

Жобаның негізгі бағыттарының бірі балалармен ағартушылық жұмыс жүргізу болды. Елдің түрлі өңірлерінде балалар үшін оқыту мен ойын элементтерін біріктірген интерактивті сабақтар, шеберлік сағаттары және ойын бағдарламалары ұйымдастырылды.

Осылайша, Ақмола облысы Урюпинка ауылындағы "Балабақша – мектеп-интернат" арнайы кешенінде компания соңғы қоңырауға орай мерекелік іс-шара өткізді. Тәрбиеленушілер үшін ойын-сауық бағдарламасы, шығармашылық белсенділіктер және танымдық интерактивті сабақ ұйымдастырылды. Балаларға жаяу жүргіншілерге арналған негізгі қауіпсіздік ережелері ойын түрінде көрсетіліп, сондай-ақ қала жағдайында өзін сенімді ұстау және дұрыс бағдарлану дағдылары түсіндірілді.

Мерекелік іс-шара Астанадағы дағдарыс орталығында да ұйымдастырылды. Балалар үшін оқу элементтері қамтылған ойын-сауық бағдарламасы дайындалды. Ұйымдастырушылар балалардың қала жағдайында өздерін сенімді сезінуіне көмектесетін пайдалы дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлді.

Жобаның тағы бір маңызды оқиғасы Алматыда жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылуы болды. Allur Түрксіб ауданында белсенді демалысқа арналған саябақ ашты. Жаңа кеңістік компанияның Майлин көшесі бойындағы мультибрендтік дилерлік орталығының жанында орналасып, аудан тұрғындары үшін отбасылық демалыс орнына айналды. Ашылу күні қонақтарды аниматорлар, интерактивті ойындар, дәм ұсыныстар мен сыйлықтар, сондай-ақ балаларға арналған танымдық тапсырмалары бар тақырыптық ойын алаңдары күтіп алды.

Бастамаға компания қызметкерлерінің балалары да қосылды. Қостанайда 300-ден астам қатысушы мерекелік іс-шаралар мен интерактивті білім беру сабақтарына қатысты. Сонымен қатар Астана, Алматы және Қостанай қалаларындағы қызметкерлердің балалары арасында "Қауіпсіз болашақ әлемі" атты сурет байқауы ұйымдастырылды. 100-ден астам қатысушы қауіпсіз қалалық орта мен жолдардағы жауапты мінез-құлық туралы өз көзқарасын ұсынды. Байқау жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен марапатталды.

"Балаларға қамқорлық жасау және олардың қауіпсіздігі – компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бөлігі. Біз өсіп келе жатқан ұрпақтың дамуына қолайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ ерте жастан бастап қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ұмтыламыз. Балалар бұл білімді қолжетімді әрі қызық форматта алғаны маңызды”, – деді Allur компаниясының өкілі Рысты Әсенова.

Ortaq Jol жобасы балалардың әл-ауқатын арттыруға және қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды қолдауға арналған компанияның жүйелі жұмысының бір бөлігіне айналды. Мұндай жобалардың өзектілігі статистикамен де расталады: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жол-көлік оқиғалары салдарынан 17 жасқа дейінгі 12 409 бала зардап шеккен, кәмелетке толмаған 285 бала қаза тапқан. 

Stan.kz
Сейсенбі, 02 Маусым, 2026 12:34