"Несием бар, сонда да жетеді": Еңбек министрі ай сайын алатын жалақысы қанша екенін айтты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев депутаттардың жалақысын арттыру туралы ұсыныстар түспегенін және бұл мәселе талқыланбағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистер министрден депутаттардың жалақысын көтеру мәселесі қарастырылып жатыр ма деп сұрады.

“Мұндай өтініш түскен жоқ. Бұл мәселе талқыланған жоқ”, – деді Ертаев.
Үкіметтегі брифингте журналистер министрдің өз табысы туралы да сұрады. Асқарбек Ертаевтың айтуынша, оның ай сайын алатын жалақысы шамамен 1,2 миллион теңге.
Министр бұл қаражат отбасының қажеттілігін қамтамасыз етуге жететінін айтты.
“Иә, жетеді. Менің төрт балам және жұбайым бар. Екі балам есейген, өз күндерін өздері көріп жатыр. Несиелерім де бар. Соған қарамастан, жалақым отбасымды қамтамасыз етуге жетеді”, – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кемінде үш жылда бір рет көтерілетіні туралы жазған едік.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан