Балалар ойыны алаңында пышақтап кеткен: Алматыда 35 жастағы азаматтың денесі табылды
Алматы полициясы наурыздың 14-інен 15-іне қараған түні Самал-3 ықшамауданындағы балалар алаңында ер адамның мәйіті табылғанын растады. Бұған дейін бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алдын ала мәлімет бойынша, бірлесіп алкоголь ішімдігін ішкен адамдардың арасында жанжал туып, салдарынан 35 жастағы ер адамды таныстары пышақтап кеткен. Жедел іздестіру шарасында 22 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды", – делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
- "Ауруханаға түсті": Астанада мектеп директорын пәтерінде пышақтап кеткен
- Астанада әйел күйеуінің бұрынғы жарын пышақтап өлтірді
Полиция сонымен қоса бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелгенін айтты. Істі Медеу аудандық полиция бөлімі тергеп жатыр.
Талқылау
"16 жерінен пышақтап, сойып тастаған": Алматы облысында әкесі 15 жастағы қызын қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді
Әйелі бухгалтер, ал күйеуі қасапшы болып, бұрындары жұмыс істеген
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады
Заңгер тұрғын үйдегі ақауларды мүмкіндігінше ертерек құжат жүзінде тіркеудің маңызын атап өтті