Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әйел күйеуінің бұрынғы жарын пышақтап өлтірді

Астанада әйел күйеуінің көңілдесіне екі рет пышақ сұғып өлтірді. Деректерге сай бұл әйел көңілдес емес, бұрын күйеуі азаматтық некеде болған жары екен. Олардың бір ұлдары болған. Ер адам екі отбасының ортасында жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл оқиға туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында жазды. 

Оқиға Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында орын алған.

Заңды некедегі жары күйеуі мен бұрынғы әйелі арасындағы жанжалды көріп, ас үйден пышақ әкеліп күйеуінің бұрынғы жұбайының жүрегіне екі рет сұққан. Кейін өзінің қолының жарасын таңып, жарақат алған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетуге де тырыспаған. Керісінше ауыр жарақатта жатқан әйелге әдепсіз сөздер айтқан. 

Кейін полиция келгенінде әйел іштегі қызына алаңдап тұрғанын айтып, сытылуға тырысқан. 

Елорданың Алматы аудандық ішкі істер басқармасы бірінші сараптама тағайындап онда әйелдің кездейсоқ өлтіріп алғанын алға тартқан. Ал Өскемендегі екінші сараптамада мұның қасақана кісі өлтіру екені дәлелденген. Әйел тергеу кезінде де, полицейлер алдында да еш қысылмай жауап берген. 

“Біздің өте мейірімді тергеушіміз сонда да әйелге жәбірленушіні қандай да бір себептермен байқамай өлтірген деген қорытындыға келіп отыр. Ал мен бұлай ойламаймын. Енді елорданың Алматы аудандық 2-сотының судьясы Әрінов кісі өліміне қатысты сот ісін барынша тез жапқысы келуде. Демек, кісі өлтіргеннен бері үйінде болған, тіпті ұсталмаған әйелге ең сорақысы тек үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін”,- деді Дина Таңсәрі. 

Марқұмның артында үш кішкентай балалары қалған. 

Талқылау