Елімізде карантин кезінде балабақшалар жұмыс істей ме? Министр жауап берді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалардың жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта карантинді ұзарту туралы шешім қабылданды. Тиісінше, мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді. Осы уақыт өткеннен кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезекші топтардың жұмысы бойынша шешім қабылданатын болады. Біз бұл процеске белсенді қатысамыз. Бұл жерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды", - деді ОКҚ-де өткен брифингте Асхат Аймағамбетов.
Бұған дейін министр коронавирус пандемиясына байланысты 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан білім алатындығы туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар