Балабақшадағы тарақандар мәселесі: Маңғыстау облыстық білім басқармасы мәлімдеме жасады
Маңғыстау облысы білім басқармасы Ақтау қаласындағы балабақшада тарақандар қаптауына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтау қаласындағы балабақшада тарақандар қаптап, ата-аналар наразылықтарын жеткізуіне байланысты тексеріс жұмыстары басталды. Маңғыстау облысы әкімдігінің білім басқармасы мен аумақтық сапаны бақылауды қамтамасыз ету департаментінің өкілдері бар арнайы комиссия құрылған.
“Комиссия мүшелері балабақшаның жұмысын тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша шаралар қабылданады”, – делінген білім басқармасының ведомоствосында.
Сонымен қатар тексеру үшін қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне өтініш жолданды.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Ақтауда ата-аналар бүлдіршіндердің тіпті жастығында тарақандар кездесетін балабақшаның жабылуын талап еткені хабарланған еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”