Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлым балабақшаға баруға қорқып жүр": Жұртты шулатқан Мәншүк Мәметованың ескерткіші қайда

Жұртты шулатқан Мәншүк Мәметованың мүсіні енді Семейдегі балабақшадан табылды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәншүк

Instagram желісіндегі semey_zhaloby парақшасында Мәншүк Мәметованың ағаш ескерткішінің жаңа қонысы белгілі болғаны туралы жазылған-мыс. Паблик мәліметінше, ол Семейдегі «Ажар» балабақшасының территориясына орналастырылған. 

Суреттен ағаштан жасалған өнер туындысының түрлі затпен әрленгенін көруге болады. 

«Ол Ажар балабақшасында не істеп жүр? Әлде көшірмесі ме?» - деп жазылған суреттің тұсында. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін батыр қыздың ағаштан жасылған мүсіні ұсқынсыз деп танылды. Сондай-ақ, ағаш мүсінді алып тастағаны белгілі болды. 


Тағы оқыңыз: Мәншүк Мәметова: қазақтан шыққан әйгілі пулеметші қыздың өмір жолы

Талқылау