Балабақша тәрбиешілері ұйықтап жатқан балаларды көтеріп алып, еденге лақтырған
АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатында кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қорлаған екі тәрбиеші қылмыс үстінде қолға түсті.
Бұл туралы New York Post хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Су-Фолс штатындағы балабақша тәрбиеленушілерінің бірі қызметкерлерден зорлық-зомбылық көргені жайлы ата-аналарына шағымданған. Полиция бейнебақылау камераларында жазылған видеоны көргеннен кейін оларға қатысты іс қозғаған. Тәрбиелеушілерге қарсы тергеу ақпан айының соңына қарай басталды.
Белгілі болғандай, 31 жастағы Тереза Галлахер және 22 жастағы Кенеди Вендт күндіз ұйықтап жатқан балаларға шабуыл жасаған. Олар, атап айтқанда, ұйқыдағы балаларды көтеріп еденге лақтырып жіберген. Тәрбиешілер оларды басынан ұрып-соғып, қорлаған. Жәбірленушілердің барлығы үш-төрт жасқа толмаған балалар. Қызметкерлерден таяқ жеген сәбилердің денсаулығына зиян келді ме, ол жағы белгісіз.
Баларды қорлаған тәрбиешілер 30 наурызда қамауға алынды. Галлахер мен Вендт кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсетті деген 25 оқиға тіркелген. Олар 25 мың доллар ақша төлеп кепілдікке шығуы мүмкін. Тәрбиеленушілерге қатігездік көрсеткен екі әйелге қандай жаза тағайындалғаны көрсетілмеген. Оқыс оқиғадан кейін қызметкерлер жұмыстан босатылды.
Оқи отырыңыз:
Өлім аузында жатқан қыз отаға ақша жинау үшін ғарышқа кетті
Саңырау әрі мылқау баласын 10 жыл бойы шынжырлап қойған ана: Менің басқа амалым болмады
13,9 миллион доллар ұрлаған кәсіпкер бүкіл ақшасына 96 үй мен сәнді көліктер сатып алған
60 жастағы салық қызметкері зейнетке 5 жыл ерте шығу үшін жынысын өзгерткен