Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласынан тәркіленген 400 миллион теңгелік сағат сатылды
Тәркіленген 400 млн теңгелік Richard mille сағаты сатылды. Бірақ өз құнынан екі есе арзанға берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл сағат Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы Бақыт Ибрагимнен тәркіленді. Ибрагим RBK банкінен ақша жымқыруы бойынша ісі өтті. Бұл іс бойынша залал – ондаған миллиард теңге.
Бастапқыда сағатты мемлекетік саудаға Алматы мемлекеттік мүлік департаменті қойды. Бірақ оны сатуға емес, кейбір мемлекеттік кеңсеге беру үшін қойылған.
Шенеуніктердің 400 миллион теңгелік сағатқа өтініш бермегендіктен, сағаттар сатылымға шығарылды.
Алдымен бұл сағаттарды ешкім сатып алмаған. Содан кейін мемлекеттік мүлік комитеті бағаны төмендетуге аукцион ұйымдастырып, сағатты төменгі бағамен 196,8 млн теңгеге сатты.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды