"Бақа-шаян, құрт-құмырсқаның деңгейі": Журналист Сәуле Әбілдаханқызы Нұрлан Қоянбаевтың киносын сынады
Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы продюсер, актер Нұрлан Қоянбаевтың “Таиландтағы демалыс” киносын сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол фейсбук желісінде жазба жариялады.
“Талантсыз Қоянбаевтың киносы “Алматы” арнасында болып жатыр. Түсіріп жатқан киноларының ешқайсысын көрмегенмін. Тіпті жарнамасын көрсем, құсқым келеді. Бақа-шаян, құрт-құмырсқаның деңгейіне түсіп кетті. Жалаңаш денесін көрсетіп жүр. Фильмді түсіргендердің де, түскендердің де, экранға шығарып көрсеткендерге басқа сөз қалмады. “Алматы” арнасы көрсететін түк таппаған ғой, байғұстар. Тоқаев мырза, мынадай кино түсіргіштерге де, оны насихаттап таратушы телеарналар мен кинотеатрларға да қатаң шара қолданып, тыйым салыңыздар! Миллиондап айыппұл төлететін заң қабылдаңыздар!”, – деп жазды журналист.
facebook.com/Сәуле Әбілдаханқызы
Осы ретте Нұрлан Қоянбаев комедия саласын сынайтындарға жауап берді.
“Қазақша бизнес” комедиясы қазақтілді киноның дамуына үлес қосып жатыр. Жалпы, Қазақстанда комедия саласының ауқымы кең. 30 жылда болмаған жұмыс атқарды. Кинотеатрда жаңа қазақ киносына жол ашты. Қазақ қазақты барлық салада қолдау керек. Тарихты танитындар біледі, бізді 300 жыл бойы қазақ қазаққа жау болуы керек деп тәрбиелеген. Енді мәні бар кино түсіре алатындар, комедияны жамандамай, жұмыстарыңды бастаңдар. 30 жылдан бері халық мәні бар, тарихи киноларды күтіп отыр. Өтірік фестивальге кинолар түсіре бермей, халықтың көңілінен шығатын мән-мағынасы бар кинолар түсіріңдер! Сендер жоқ болғаннан кейін, драманы халық бізден сұрап жатыр! Мағынасы бар кинолардың аз болғаны, комедия мамандарының кесірі емес, драма түсіретіндердің кесірі”, – деп күйінді актер.