AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Ресей Қытайдан әскери және экономикалық көмек сұрады

Ресей билігі Ресейдің Украинаға әскери шабуылын қолдау және экономикалық санкциялардың әсеріне қарсы тұру үшін Қытайдан әскери және экономикалық көмек сұрады. Бұл туралы Finansial Times, The New York Times және The Washington Post АҚШ үкіметіндегі аты аталмаған дереккөздердің сөзіне сілтеме жасап ақпарат таратты. 

Америкалық басылымдардың дереккөздері Мәскеу Украинамен соғыс басталғаннан бері Бейжіңнен әскери техника мен басқа да көмек сұрайды деп мәлімдейді.

Financial Times басылымы Ресейде соғыстың үшінші аптасына қарай қарудың кейбір түрлері бітіп жатқанын хабарлайды.

Ал CNN америкалық жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап, Ресей Қытайға Украинадағы жағдайға әскери көмек, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппаратын ұсынуды сұрады деген ақпарат таратқан.

Қытайдың АҚШ-тағы елшілігінің өкілі Лю Пэнъю өз кезегінде Reuters-ке Ресейдің мұндай өтініштері туралы ештеңе білмейтінін және Қытай үшін басты міндет Украинадағы шиеленісті жағдайдың ушығуының алдын алу екенін айтты.

13 наурызда АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Қытай Ресейге батыс санкциялары есебінен шығындарды өтеуге көмектесуге тырысса, Бейжіңге кері әсерін тигізеді деп ескертті.

"Біз Қытайдың Ресейге қандай дәрежеде материалдық және экономикалық қолдау көрсететінін мұқият қадағалаймыз. Бейжіңге кез келген елдің Ресейге экономикалық шығындарын өтеуге тырысуына жол бермейтінімізді жеткіздік", – деді Салливан CNN-ге берген сұхбатында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр