БАҚ: Оңтүстік Кореяда алаяқтармен сөз байласқан Қазақстан азаматы ұсталды
Оңтүстік Кореядағы Кванджу қаласының полициясы 26 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Оған телефон алаяқтарымен сөз байласты деген айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Newsis-ке сілтеме жасап
Жігітті 28 қазанда ұстаған. Қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген.
Хабарламаға сәйкес, Қазақстан азаматы 500 мың вон (шамамен 194 мың теңге) сыйақы үшін белгіленген орыннан 35 миллион вон (шамамен 13,6 миллион теңге) сомасын алып кетуі тиіс еді.
Басылымның мәліметінше, зардап шеккендер қарт адамдар болып шықты, оларды телефон алаяқтары барлық мүлкін жинап, үйдегі есік алдына бір қап ақша қалдыруға мәжбүр еткен.
"Қазақстан азаматы ақша салынған пакетті алып, Кенгидо провинциясынан тыс жерге шығып, ақшаны әрі қарай бағыттап берді. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізуде", - деп жазады Newsis.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді