Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағым Мұхитденова: Баян менің алба-жұлба түрім үшін ұялатын

Баян Мақсатқызы бала күнінен жұлдыз болуды армандаған. Ол бой жетіп, бой түзеген сәтінен сұлулыққа құштар еді. Бір басында бірнеше таланты бар бала болды. Мектеп оқушылары арасынан ерекшеленген Баян Мақсатқызының балалық шағы, оқушылық күндері қалай өтті? Бұл туралы "Дастархан" бағдарламасында айтылды. 

Баян Мақсатқызының жақындары, анасы, қыздары Айсәуле мен Айару, сіңлісі Бағым Мұхитденова, жолдасы Тұрсын Алагөзов ол жайлы жылы естеліктерін бөлісті. Бағдарламаға құдасы Ербол Қайдаров пен Диляра Қайдарова қонақ болып келді. 

Баян Мақсатқызы ата-анасының қатал болғанын айтады. Темірдей тәртіп балаларының тәрбиелі азамат болып қалыптасуы сеп болды. 

"Ата-анам қатал болды. Бағым екеумізге кішкентай болғанымызға қарамастан ауыр жұмыстар жасауға мәжбүрледі. Үйдің ремонтын жасаймыз, түсқағазын қолмен ауыстырамыз. Қазіргі балаларға олай жасата алмаймыз. Одан бөлек Бағымның сабақ үлгерімі, киімі, тәртібі үшін мен жауап бердім. Себебі бір жас үлкен едім", - деді Мақсатқызы. 

Бағым Мақсатқызы бала күнін еске ала, өз естеліктерін айтып берді.

"Үлкен әпкеміз Бәтес бізге қиянат көрсетіп өсірді. Ол кезде үйді көмір жағып жылытатынбыз. Бәтес бізден үлкен. Ол жатқанда төсегі суық болып тұрады. Сондықтан Баян екеуміз көрпесіне кіріп, демімізбен үрлеп, төсегін жылытып беретінбіз. Ол осылайша ханшайым болып жылы төсекте жататын. Ал, біз өзіміздің суық төсегімізге барып, қайта жылытамыз", - деп күледі Бағым Мұхитдинова.

Бағым бала күнінен ерке, ұл секілді өскен. Ал, Баян ерте бой түзеп, Бағымның да жақсы киініп, әдемі болып жүруін қадағалапты.

"Мен үнемі алба-жұлба болып жүремін. Сабақты жақсы оқымаймын. Ал, Баян сабақ оқығанда жақсы көрді. Әдемілікті жақсы көрді. Шашының артық жері шығып тұрса, көңілі орнында болмайтын. Мен үшін Баян ұялатын. Менің өзіме қарамайтынымды айтып ұрсатын. Бірде дене шынықтыру пәнінен "2" деген баға алдым. Анам ұрысты. Сонда "маған сөмкеме формамды Баян салып бермеді"дедім. Мен үшін Баян ұрыс естіді. Менің қателіктерім үшін Баян өзін кінәлі сезінетін", - деді Бағым Мақсатқызы.

Құдасы Ербол Қайдаров пен Диляра Қайдарова келіні Айсәуленің жақсы келін екенін айтты.

"Мен қазір Айсәуленің тек биологиялық анасымын" деп әзілдеді Мақсатқызы.

"Айсәуле тамақты жақсы жасайды. Дәмді шығады. Атасына ұнаса жақсы деген сөз. Мен өзім көбіне іссапармен жүрем. Сондықтан бәрін атасы қадағалайды", - деді Диляра Қайдарова. 


Оқи отырыңыз

"Мына сақина саған бақыт әкеледі деді": Қатерлі дертке шалдыққан бойжеткен Баян Мақсатқызымен кездескен соң ауруынан айықты

"1 постым кемі 1 миллион": Әлеуметтік желіде жарнама жасап, миллиондаған ақша иеленіп жүргендер кімдер


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр