Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бағасы – 12 миллион теңге": Ерке Есмахан өзіне арнап тігілген қымбат дүниесін көрсетті

Танымал әнші Ерке Есмахан шетелден арнайы тапсырыспен алдырған қымбат сөмкесін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Бүгінде трендтен түспеген қымбат бұйымның түпнұсқасын әлемге атағы жайылған сылқымдар ғана ұстайтын көрінеді.

“Осыдан 10 жыл бұрын, қомақты табыс тауып бастағанда, дәл осындай сөмке ұстаймын деп ойламадым. Ауылдан шықтым, Ақтөбеде тұрып, Алматыға келдім. Керемет орталарды көріп, көп нәрсені түсіне бастадым. Бала күнімнен сәнге жақынмын. Аңыз сөмкені қатты армандадым. Міне, күйеуімнің арқасында орындалды”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 



Өнер иесі бастысы денсаулық, амандық болса да, әйелдің ішкі қалауларын да ескерген жөн екенін айтады. 

“Әрине, әңгіме сәнді киінуде емес. Ең маңыздысы – деннің саулығы. Бірақ әр әйелдің ішкі сезімін рахатқа бөлеп, өмірін әдемі ететін дүниелер бар. Оған ұмтылудың еш айыбы жоқ. Өзімнің арманым, әрі күйеуімнің қолдауының арқасында армандаған сөмкені алдым. Бағасы – 12 миллион теңге. Тапсырыс беріп, екі ай күттім. Арнайы мен үшін ғана тігілген. Көлемі – 25 сантиметр. Осы жылдың тренд түсі”, – деп жазды эстрада жұлдызы. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Еске салайық, Ерке Есмаханның мюзикл шоуға киген көйлегі сынға қалған еді. 

Талқылау