Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандық жүргізуші тас жолда зақымданған көлігі үшін "Қазавтожолды" сотқа бермек

Фото: Видеодан скрин

Қарағанды тұрғыны Ермек Кәрібаев "ҚазАвтоЖол" компаниясын сотқа бермек. Ер адам Қарағанды мен Астана арасындағы ақылы жолда көлігімен құлап жатқан жарық бағанаға соғылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ермек Кәрібаев автобанда қатты келе жатып, тежеуішті басып үлгермеген. Айтуынша, бағана дұрыс бекітілмегендіктен, жолға құлаған. Ақылы жолдың қауіпсіздігіне "Қазавтожол" ұлттық компаниясы жауапты. Сондықтан Қарағанды тұрғыны адвокат жалдап сотқа жүгінбек.  

"Жолға ақы төлегеннен кейін, қауіпсіздік те қамтамасыз етілуі керек қой", – деді Ермек Кәрібаев.

Қатты жел бағананы құлатып, оған бірден екі көлік соғылған. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Алайда Ермек Кәрібаевтің көлігі зақымданып, енді қозғалтқышы мен алдыңғы әйнегін ауыстыруына тура келеді.

"ҚазАвтоЖол" компаниясының ресми өкілі Сәкен Ділдахмет бұл жағдайға қатысты оқиға орнына полиция шақырылып, тергеу жүргізіліп жатқанын айтады.

"Жол апаты кезінде полицейлер шақырылды. Азаматтар сотқа жүгініп, сақтандыру компаниясы арқылы өтемақы талап ете алады", – деп түсіндірді Сәкен Ділдахмет.


Қазақстанда жүргізушілердің орташа жылдамдығы қай автокөлік жолдарында есептеледі


Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты


Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында "Қазавтожол" қызметкері жол апатынан қаза тапқан адамның телефонын ұрлап кеткенін жазған едік. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Онда ер адам апат болған жерде жәбірленушінің ұялы телефонын ұрлап, кейін оны баласына сыйлаған.

STAN.KZ
Сенбі, 26 Сәуір, 2025 14:25
Талқылау