Алматы облысында "Қазавтожол" қызметкері жол апатынан қаза тапқан адамның телефонын ұрлап кеткен
Фото: pixabay.com
Алматы облысында "Қазавтожол" қызметкері жол апатынан қаза тапқан адамның ұялы телефонын ұрлап кеткен. Оған қатысты қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Онда ер адам апат болған жерде жәбірленушінің ұялы телефонын ұрлап, кейін оны баласына сыйлаған.
Алматы облысының полиция департаменті мұндай қылмыстық іс шынымен тіркелгенін мойындады. Күдікті анықталып, аудандық басқармаға жеткізілген.
"Іс бойынша барлық мән-жайды зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу іс-қимылдарының кешені жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”
