Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
Видеодан скрин
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол апаты Алматы облысынының аумағында Range Rover көлігінің қатысуымен болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол талғамайтын көлік аударылып кеткен.
Көліктің ішінде төрт жас жігіт болғаны анықталды. Олардың үшеуі оқиға орнында қаза тапты. Төртіншісі ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттарынан көз жұмды.
Жол апатының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында "Қазавтожол" қызметкері жол апатынан қаза тапқан адамның телефонын ұрлап кеткені туралы жазған едік.
"Жүлдені өз адамдарына береді": Қазақстандық ақындар мүшәйралардағы жершілдік пен тамыр-таныстықты сынады
Әдебиеттанушы кейбір байқауларда жүлдеге таласушылардың таныстары арқылы орын сұрататынын да айтады
"Орташа айлық – 1 700 000 теңге": Қазақстандық дәрігерлер отбасы Германияға көшіп, табысын 10 есе арттырған
Шетелдегі қазақ дәрігер: "Айлығым шамамен 4 440 еуро, яғни 2 240 000 теңге"