"Бұл - егемен еліміздің ішкі саясатына қол соғу": Грузия тарапы Зеленскийдің Саакашвилиге араша түскеніне жауап берді
Грузияның сыртқы істер министрлігі Украина президенті Владимир Зеленскийдің Сакаашвилиге қатысты өтінішін қабылдамады. Олар мұны "тәуелсіз мемлекеттің ішкі істеріне араласу "деп атаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Грузия онлайн” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Зеленский Грузия елшісіне Михаил Саакашвилиді Украинаға қайтару туралы мәселе бойынша Тбилисиде консультациялар өткізу үшін Киевтен кетуін өтінген.
"Бұл әрекет дипломатиялық қатынастардың шиеленісуін білдіреді. Украинаның бұл қадамға баруы өкінішті.
Тұтқын Михаил Саакашвилидің денсаулық жағдайы Стасбург сотының шешімінде қарастырылды, Саакашвилидің құқықтарын қорғауға қатысты шаралар жасалды", – делінген Грузия СІМ.
Сыртқы саясат ведомствосы Киевтің шешімі "екі елдің стратегиялық қатынастарына зиян келтіретінін және егемен мемлекеттің ішкі істеріне тікелей араласуды білдіретінін" атап өтті.
"Киев өз шешімін қайта қарап, екі елдің достық қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға күш салады деп үміттенеміз", – делінген хабарламада.
"Грузин арманы" басқарушы партиясының төрағасы Ираклий Кобахидзе Зеленскийдің Саакашвилиге жасаған қадамы грузин халқын қорлайтынын атап өтті.
Осыған дейін Зеленский Грузияның Украинадағы елшісін шақырып, оған наразылық білдіруді және өз астанасымен кеңесу үшін 48 сағат ішінде Украинадан кетуді тапсырған еді.