Әзірбайжанда 7 жасар баланы ұрып өлтірген жаттықтырушы өзін кінәлі деп санамайтынын мәлімдеді
Әзірбайжанда 7 жасар Фарид Бакаровты ұрып өлтірген жаттықтырушы Мехман Халиловтың тергеуде берген жауабы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Media.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаттықтырушыға қатысты бұлтартпас шарасын тағайындау кезінде Мехман Халилов баланың өліміне өзін кінәлі деп санамайтынын мәлімдеген.
Қазіргі таңда Сумгайыт қалалық прокуратурасы "Жәбірленушінің өліміне алып денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғаған. Ал жаттықтырушы Мехман Халилов күдікті деп танылды.
Бұған дейін дзюдо мен самбо жаттықтырушысы Мехман Халиловтың 7 жасар баланы ұрып өлтіргені туралы хабарлаған едік. Видеодан жаттықтырушының баланы ұрып жатқанын көруге болады. Салдарынан баланың мойыны сынып, ауруханада көз жұмды.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар