Азық-түлік ғана емес: Елімізде дәретхана қағазының құны да қымбаттап кетті
Азық-түлік бағасы көтерілгенде дәретхана қағазы да қымбаттап кеткен. Әсіресе гигиеналық тауар құны еліміздің үш өңірінде шарықтап тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Дәретхана қағазы қымбаттаған аймақтың көшін Жамбыл облысы бастады. Мұнда 12 пайызға дейін өскен. Шығыс Қазақстанда оның құны 10, Атырау облысында 9 пайызға аспандапты.
- Қазақстанда автомобиль шиналарының бағасы өсті
- Қазақстанда күнбағыс майының бағасы өседі – мамандар себебін атады
- Қазақстанның 13 өңірінде жылу қымбаттады
Сөйтіп, биыл дәретхана қағазы орта есеппен 6 пайызға қымбаттап отыр. Жергілікті компаниялар қағаздан жасалған майлық, жайма және дәретхана қағазына деген ішкі нарықтағы сұраныстың 68 пайызын ғана қамтамасыз еткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аз. Есесіне импорт тауарлар 12 мың тоннаға дейін артыпты.
Жыл басынан бері елімізде 57 миллиард теңгеге жуық қағаз және қағаз өнімдері шығарылған.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді