Ажырасу үшін әртіс жалдаған: Ер адам әйелінен ерекше әдіспен құтылмақ болды
Сычуань провинциясының (Қытай) тұрғыны ажырасуға шешім қабылдап, айырылысуға қарсы болған әйелінің орнына сотта жауап беру үшін актриса жалдады. "Бір сағатқа әйелі" болуға келіскен қыз, ер адамның жұбайының орнына сотта құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды World Journal-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сот әйелдің басқа адам екенін білген жоқ. Себебі оның бет-әлпеті бетперде таққан соң дұрыс көрінбеген. Жұбайы өзінің ажырасқанын білгенде ғана өтірік әшкере болған.
Әйел полицияға хабарласып, қойылған қолдың жалған екенін дәлелдеді. Осыдан кейін сот шешімі некені қалпына келтіру арқылы жойылды.
Бойдақтығы ұзаққа созылмаған ер адамға айыппұл салынып, ол және оның жалған жары бірнеше күнге әкімшілік қамауға алынды.
Енді әйел күйеуі, әртіс қыздан, соттан моральдық шығын өндіріп алмақ.
Қытайда жыл сайын ажырасулардың саны өсіп жатыр. 2003 жылы 1,3 миллион неке, 2019 жылы 4,2 миллион отбасы ойрандалған. Мемлекет осы мәселеге қарсы тұруға тырысуда, жақында ажырасуды 30 күннен кейін рәсімдейтін ереже қабылданды.
Талқылау